ШҚО-да су тасқынының алдын-алу мақсатында гидроқұрылғы дайындалды
Көпірлер мен су өткізу арналары толықтай тазаланып жатыр. Дамбалар мен бөгеттер бақылауға алынған. Ал келер айдың басында облыс бойынша ең қауіпті деген 16 өзенде мұз көбесін сөгу жұмысы басталады. Ол үшін 200 миллион теңге бөлінді.
Жадыра Аманғалиқызы, ТЖД бас маманы:
-Қатонқарағай ауданы, Күршім аудандары,Алтай, Шемонайха,Риддер аудандарындағы өзен көлдерде жару жұмыстары жоспарланған. Осы алғашқы сең жүрген кезде судың мұз бетіне шығып кетіп елді мекендерге қауіп төндірмес үшін және де өз арнасымен судың ешқандай кептеліссіз жүруі үшін жасалады.