БҚО-да автогаз тапшы
Батыс Қазақстан облысында сұйытылған газ тапшы. Кейбір бекеттерде отын талонмен беріліп жатыр. Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, келеңсіздік туып отыр. Қазір қорда 550 тонна газ қалған. Бұл 3 тәулікке ғана жетеді. Ал өңір бір айда 5 жарым мың тонна газ тұтынады. Батысқазақстандық мамандар министрлікпен бірлесіп жергілікті және ақтөбелік, атыраулық компаниялармен уақытша келісім жасады.
Қанат Өмірәлиев, облыстық ТҮКШ және Энергетика басқармасы басшысының орынбасары:
-«Жайықмұнай» ЖШС бізге мың тонна берді . Кешеден бастап облысқа әкелу жөнінде кесте құрылып, әкелініп жатыр. Одан бөлек Ақтөбе зауытынан 200 тонна қарастырылды және бүгіннен бастап Атырау мұнай өңдеу зауытынан біздің облысқа 50 тоннадан күнделікті кесте құрылып, газдар өңірімізге жеткізіліп жатыр.