Абай облысында 300-ге жуық адам баспана кезегінде тұр
Өзекті мәселені шешу үшін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында өңірде соңғы 3 жылда 60 үй салынған. Өткен жылы ауданда 16 отбасы қоныс тойын тойласа, биыл 26 баспананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Құрылыс тек Ақсуат ауылында ғана емес, Екпін елді мекенінде де жүргізіліп жатыр.
Ерсін Ескендіров, Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары:
- Көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға басымдық беріледі. Былтыр дәрігерлерге, жетім балаларға үй берілді.