Күн жылынған сайын елді мекендерде топан су басу қаупі жоғарылап барады
Мұндай оқиғаның алдын алу мақсатында бүгін астаналық төтеншеліктер де «Көктем» республикалық жаттығу жұмыстарын жүргізді. Мамандар Сарыбұлақ өзенін пайдаланып, адамды судан құтқару әрекеттерін қайталады. Астанада қатаң бақылауға алынған 21 аймақ бар. Қазір маусымдық қауіппен күресуге 170 адам мен 60-қа жуық техника дайын.