Алатауда қар көшкіні қаупі жоғары
«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, республика бойынша өткен екі аптада бір жылдық қар көшкінінің 85% тіркелген. Осыған байланысты тауларға көтерілетін автокөлік және жаяу жүргінші жолдарына блок-бекеттер қойылды. Қар да өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп жауған. Оған қоса, ақ ұлпа ауа райының жылынуына байланысты бусанып, дымқылданып тұр.