Хабар телеарнасы

Қызылорда облысында мал тірідей жанып кетті

Қызылорда облысында күннің күрт ысуына байланысты қора-қопсының өртенуі жиілеп кетті. Мәселен, Жаңақорған ауданы Билібай ауылында мал қорадан от шығып, 3 бұзау мен бір баспақ тірідей жанып кетті. Ауданы 300 шаршы метр жерге жайылған қызыл жалын 20 түк шөптің күлін көкке ұшырған. Өрттің шығу себебі әлі анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының айтуынша, тілсіз жаудың өршуіне ең алдымен адамдардың салғырттығы себеп болып отыр. Жалпы жыл басынан бері өңірде жүзге жуық өрт тіркеліп, 2 адам қаза болды. Жеке және заңды тұлғалардың мүліктік шығыны 25 миллион теңгеден асып кеткен. 

Айдын Жүсіпназар, облыстық ТЖД Аға-инженері:
-Облыс тұрғындарынан қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын сұраймыз. Өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған жағдайда ҚҚ әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің тиісті баптарына сәйкес ескерту немесе айыппұл түріндегі әкімшілік шарасы қаралғанын хабарлаймыз.