Жамбыл облысында жайылымдық жер тапшы
Пайдаланылмай жатқан жерлердің салығы 20 есе жоғары. Жамбыл облысындағы кейбір шаруалар иелігіндегі игерілмей жатқан жер үшін артық салық төлегеннен гөрі өз еркімен қайтарып бергенді жөн санайды. Осылайша соңғы 2 айда 16 мың гектар жер мемлекет меншігіне өткен. Ал өткен жылы «202 мың гектар жер қайтарылды», – дейді жер қатынастары басқармасының мамандары. Жалпы өңірде жайылым тапшы. Қайтарылған жер мал шаруашығылы иелеріне беріледі.
Бақтияр Көпбосынов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:
- Запастағы жерлердің барлығын елді мекендерге бердік. Оның себебі - айтып өткендей елді мекендердің жерін көбейту. Соның нәтижесінде 333 мың гектар игерілмеген жермен қазір 740 мың гектарға ұлғайды. Игерілмеген 200 мың гектар жерді қайтару алдымызда тұр. Сол арқылы біз жайылым проблемасын биыл шешетін боламыз.