Хабар телеарнасы

Атыраудағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында өрт шықты

7 гектар жер, әлі өртеніп жатыр. 70-ке жуық адам, оннан астам техника тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылдырылған. Таңертең қаланы қою түтін басты. Қазір ол сейілгенімен, күйік иісі әлі бар. Экология департаментінің мәліметінше, тұрғындардың денсаулығына зиян жоқ. Дегенмен оқыс оқиғаға байланысты оқушылар мен студенттер бүгін қашықтан оқыды.