«Ұлы дала жорығы» республикалық марафоны өз мәресіне жетті
6 қыркүйек күні Елордадан басталған бәйге Түркістанда қорытындыланды.
Таңғы 7-де жарыс жолына шыққан шабандоздар соңғы 50 шақырымды 1 жарым сағатта еңсерді. 14-кезеңнің қорытындысы бойынша Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Одан кейін мәре сызығын ақтөбелік шабандоздар кесті. Ал Алматы қаласының құрамасы үшінші орынды иеленді. Астанадан 19 команда шыққанымен, мәреге тек төртеуі жетті. Мамандардың айтуынша, «Ұлы дала жорығы» — қазанат пен азаматтың мүмкіндігі сыналатын дода. 1 мың 300 шақырымды аттың тұлпары, жігіттің төресі ғана еңсере алады.