Тараздағы Казарма ықшам ауданында бір айдан бері ауызсу жоқ
Мәселе тіршілік нәрінің тапшылығында емес, мамандар жауапкершілігінің жоқтығында. Былтыр мұнда орталықтандырылған су желісін кіргізу үшін бюджеттен 400 млн теңге бөлінген. Мердігер компания жаңа су желісін жүргізу кезінде ескі құбырды жарып жіберген. Салдарынан жергілікті халық тіршілік нәрін тасып ішуге мәжбүр болып отыр. Елді мекенде 647 абонент бар.
Гүлжазира Жабағиева, қала тұрғыны:
- Өзіміздің суымыз әп-әдемі келіп тұрған. Осылар келді да астан-кестенін шығарды. Қазір суымыз жоқ, жолымыз да түзу емес.
Елдос Кеңесбеков, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:
- Мердігер компанияларға 15 сәуірге дейін арық жүйесін толығымен тазалау туралы тапсырмалар берілген. Қазіргі таңда техникалық қадағалаушы ЖКХ бөлімі тарапынан қатаң бақылаудамыз. Кесте бойынша кешігу жоқ. Келісімшарт бойынша уақыттары бар.