Таразда отандық дрондар сынақтан өтті
Оңтүстік өңірлік қолбасшылығында арнайы топ 10-ға жуық компанияның өнімін сарапқа салды. Барлаушы дрондар мен шабуылдаушы ұшқышсыз құрылғылардың жұмысы жан-жақты сыналды. Олардың қатарында 10 сағатқа дейін әуеде қалықтап, басқару пультінен 80 шақырым қашықта ұрыс жаттығуларын жүргізе алатын дрондар бар. Сынақтан соң өндірушілер өз құрлығыларын комиссияның қосымша талабына сай жетілдіруі шарт.
Айбек Ахыш, өндіруші компанияның өкілі:
-Біздің дронға орнатқан камерамыздың сапасы өте жоғары. Әрі көптеген функциясы бар. Мәселен, нысан кординатын анықтай алады. Лазерлік өлшеуіші мен инфрақызыл сенсоры және тепловизоры бар. Кез келген жазбаны жақындатып көруге болады.
Ержан Жақашев ҚР Қарулы күштері бас штабы департаментінің офицері:
-Отандық өндірушілер ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды қысқа мерзімде жасап шықты. Олардың жұмысын жақсы деп бағалап отырмыз. Әрине, әлі де пысықтайтын мәселелер бар. Десек те, бастамасы керемет. Құрылғына жетілдіру үшін өндіруші компаниялармен әрі қарай жұмыс істейміз.