Қазақстанда Корея технологиясымен заманауи мониторлар мен теледидарлар шығарылады
Мұндай келісімге Сеулде Кореямен ынтымақтастық жөніндегі арнайы жұмыс тобының отырысында қол жеткізілді. Мамандар тұрмыстық техника шығаратын Корея корпорациясында оқытылады. Ал өндіріс алаңы Саран қаласында орналасады. Сондай-ақ елімізде ультрадыбыстық диагностикалық құрылғылар шығаратын зауыт салынады. Қазақстандық инженерлерге кореялық әріптестері көмектеседі. Бұдан бөлек, күзде автомобиль зауытының құрылысын бастау туралы келісімге де қол жеткізілді. Бұл жобаға кореялық инвесторлар 200 млн доллар қаржы құяды. Сонымен қатар биыл елімізде лифт шығаратын орталық пен желдеткіш зауытын салу жоспарланған.
Андрей Лавреньтев, автокөлік шығаратын компанияның директорлар кеңесінің төрағасы:
- Саран қаласында арнайы экономикалық аймақ орналасқан. Онда қазірдің өзінде 60 мың шаршы метрден асатын үлкен ғимаратты қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуда. Бұл кәсіпорында 1100-ден астам маман жұмыс істейтін болады. Осы жылдың 3 тоқсанына дейін өндіріс іске қосылады деп үміттенеміз.