Әскердегі әлімжеттік қашан тоқтайды?
Сенат депутаттары күштік құрылым өкілдеріне осындай сауал қойды. Қорғаныс саласының мамандары бұл бағытта ауқымды шаралардың қолға алынып жатқанын айтты. Мәселен, алдағы уақытта әскери бөлімдерде бейнебақылау камералары көбейеді. Қазірдің өзінде ата-аналар сарбаздардың жағдайын үнемі біліп отыруға толық мүмкіндік алып отыр. Тіпті киім, тамақ сапасын қадағалай алады. Ол үшін әр әскери бөлім жанынан арнайы ата-аналар комитеттері құрылған.
Тілеухан Басқожаев, ҚР Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы:
- «Ананың көзімен баланың әскери қызметі» деген қазір үлкен ауқымды акция жүріп жатыр. Оның аясында бүкіл ата-аналардың керек кезде өздері толыққанды мәлімет біздің қарулы күштен ала алады. Одан басқа ата-анасымен бейнеқоңырау деген, аптасына екі рет. Ата-анасымен визуалды түрде экраннан, монитордан өзі қарым-қатынас жасай алады.