Күдебаев қамауға алынды
Елден қашқан генерал Серік Күдебаев қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мұны Бас Прокуратураның баспасөз қызметі телеграм каналында хабарлап отыр. Ол былтырғы қаңтар оқиғасы кезінде «лауазымын асыра пайдаланды» деп айыпталған еді. 10 наурызда Серік Күдебаевтың ауруханаға түскені, сот отырысы кейінге шегерілгені хабарланды. Алайда кейін Күдебаев кезекті сот отырысына қатыспағандықтан судья сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шығарды. Арада біраз уақыт өте оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.