Гүлмира Сатыбалды 7 жылға сотталды
Астанада Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты. Экс-президенттің немере інісінің бұрынғы әйелі 7 жылға сотталды. Қылмыстық кодекстің 49-шы бабы негізінде мемлекеттік награда «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізіледі. Айыпталушыға 6,5 млрд теңгеден астам соманы төлеуге міндеттелді. Себебі кәсіпорындарды рейдерлік жолмен заңсыз тартып алу бойынша күдікке ілінген. Жәбірленушіге келген шығын 6 млрд 600 млн теңгеден асады. Ал сотқа дейінгі тергеу кезінде шекара асып кетпек болғаны анықталды. Ол сотта айыбын ішінара мойындаған. Прокурор бастапқыда Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Ал оның қарамағындағылар Батыршаев 7 жылға, Өтебеков 5 жылға бас бостандығынан айырылды.