Елімізде диірмендерге шикізат жетіспейді
Қазір диірмендердің төрттен бірі ғана жұмыс істеп тұр. Себебі шикізат жетіспейді. Сенат депутаты Әлібек Нәутиев осындай мәселе көтеріп, Үкімет басшысына сауал жолдады. Оның айтуынша, Қазақстандағы астық өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі бүгінде небәрі 33% ғана. Өйткені бидайдың біразы экспортқа кетіп жатыр. Әсіресе Өзбекстанға көп жіберіледі. Депутат: «Осылайша біз өзіміздің емес, өзбек ағайындардың өңдеу саласын өркендетіп отырмыз», - дейді. Ал олар болса ұн экспорты бойынша көш басына шықты. Сандарды салыстырсақ, Өзбекстан сыртқа ұн сатуды соңғы жылдары 56%-ке арттырса, Қазақстанда бұл көрсеткіш керісінше 34% кеміген. Осылай деген сенатор, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты қайта қарауды ұсынды.
Әлібек Нәутиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Екінші, Қазақстанда тауарлар импортының өсуінен қорғау шараларын жаңғырту және күшейту. Сонымен қатар отандық өнімді экспорттау кезінде басқа елдер тарапынан болатын кедергілер мен қиындықтарды жауап ретінде «айна» әдісін қолдану. Үшінші, Қазақстанда астық өңдеуді қолдау және дамыту үшін жол картасын жасау және бекіту арқылы әкімшілік және тасымалдау кедергілерін жою.