Абай облысында әуежай жұмысы жанданды
Абай облысының Үржар ауданындағы әуежай жұмысы ұзақ жөндеуден кейін қайта жанданды. Екі жылға созылған құрылысқа республикалық бюджеттен 5 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты. Бұған нысанның ұшу-қону жолағы жаңартылып, 1500 метрден 2100 метрге дейін кеңейтілген. Сондай-ақ бес қабатты бақылау мұнарасы салынған. Қазір әуежай бір мезетте екі ұшақты қондыра алады. Жергілікті билік өкілдері әуежай ғимаратына жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат әзірлеп жатыр.
Ернат Жұмашев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:
-2022 жылы жарық шамын және бейнебақылау камераларын орнату жобасы әзірленіп, басталған болатын. Бұл жоба ұшақтарды түнгі уақытта қабылдауға мүмкіндік береді. 31 құрылыс жұмыстарының нәтижесінде Үржар әуежайы 80-90 жолаушыға арналған ұшақтарды қабылдай алады. Бомбардир, фокер, эмбрайер секілді ұшақтарды қабылдауға мүмкіндігі бар.