Шымкентте жылан қаптап кетті
Шымкентте жылан қаптап, құтқарушыларды көмекке шақырушылар көбейді. Бауырымен жорғалаушылар тұрғындардың баспанасы мен үй ауласына кіріп, зәресін ұшыруда. Сала мамандарына осы мамыр айында 35 рет шақырту келіп түскен. Тіпті құтқарушылар балабақша ішінен де жылан ұстағандарын айтады. Улы жануарлар арнайы құралдың көмегімен қауіпсіз жерге шығарылған. Ал соңғы 2 айда 3 адам медициналық көмекке жүгінген. Зардап шеккендердің бірі ауруханада ем қабылдап, айыққан. Құтқарушылар жыландардың жайлағанын жұптасу кезеңімен байланыстырады. Сондықтан аса сақ болу керектігін ескертеді.
Орынбасар Төртбаев6 қалалық ТЖД жедел құтқару жасағының басшысы:
- Мысалы, мамыр айының өзінде 35 рет шақыртуға шықты біздің құтқарушы жігіттер. Оның 26-да тауып, қауіпсіз жерлерге шығарып тастадық. Қазір жұптасатын уақыт болғандықтан табиғи жағдай ғой. Сондықтан жылан көп болып вызовтар шықырылып жатыр. Шұбар жылан, ала жылан 40-70 см дейін көржыландар кездесіп жатыр.