Төленбеген 86 айыппұлы бар автокөлік анықталды
Жедел басқару орталығының қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі арқылы Merсedes маркалы көлікті байқап, патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлаған. Тексеру кезінде темір тұлпар жүргізушісі 86 айыппұлды төлемегені, сондай-ақ жалған нөмірмен жүргені белгілі болды. Сот шешімімен жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан бір жылға айырылып, бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Жалпы бақылау күшейген екі күннің ішінде 300-ге жуық заң бұзған 26 көлік жүргізушісі анықталған.
Мейірім Ердәулет, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
- Аталған автокөлік жүргізушісі жол-көлік оқиғаларына апатты ситуация тудырумен қатар көліктің жылдамдығын арттырған, сондай-ақ белгіленбеген жерлерге автокөлігін қойып кету секілді әкімшілік құқықбұзушылықтарға жол берген. Ол өзінің автокөлігіне бірнеше жалған нөмірлерді таққан. Қазір жүргізушінің барлық жасаған құқықбұзушылықтары әшкере болып отыр және ол өзінің кінәсін толықтай мойындап отыр.