Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін көпфункциялы орталық ашылды
Елордалық кәсіпкерлерге халыққа қызмет көрсету орталығы мен ұлттық палатаға сандалып жүрудің қажеті жоқ.
Себебі оларға қызмет көрсететін көпфункциялы орталық ашылды. Онда кәсіпкерлер қаржы институттарының қызмет түрінен бөлек, заңды тұлғаларға арналған 800-ден астам мемлекеттік қызметті ала алады. Бұл арнайы меморандум аясында іске асты. Пилоттық жоба тиімділігін көрсетсе, алдағы уақытта мұндай орталықтар республиканың барлық ірі қалаларында ашылады.