Хабар телеарнасы

Енді кәсіпкерлер ХҚКО аша алады

Енді кәсіпкерлер халыққа қызмет көрсету орталығын аша алады. «Азаматтарға арналған үкімет» функцияларының бір бөлігін жеке секторға берді. Кәсіпкерлер тарапынан алғашқы өтінімдер де түсе бастады. Бұған дейін халыққа қызмет көрсету орталықтарын тек Қазпошта, банктер мен кейбір нотариустар аша алатын. Бірақ мұндай орталықтары жоқ, шалғайдағы елді мекен тұрғындары анықтама алу үшін көрші ауданға не қалаға қатынауға мәжбүр. Сондықтан халыққа қызмет көрсету орталықтарын кұру міндетін ендігіде кәсіпкерлер өз мойнына алады. Бірақ бизнесмендер қазақстандықтардың жеке деректеріне қол жеткізе алмайды. Олар тек құжаттарды қабылдап, өтініш беру функцияларын атқарады. Ал өтініштерді өңдеу сол күй мемлекеттік органдарда жүзеге асады.