Ақмола облысында балалар арасында қызылша ауруы өршіп барады
Жыл басынан бері аймақта 24 балғыннан осы дерттің белгісі анықталып, соның 12-і лабораториялық тұрғыда расталды. Қазір балалар дәрігерлердің бақылауына алынды. Ауруды жұқтырғандардың көбі түрлі себеппен екпе алмаған... Мамандар қызылша вирусты жұқпа екенін айтып, аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда дереу дәрігерге қаралу керек екенін ескертті.
Серік Омарханов, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
-Ауру анықталған 12 науқастың 70% екпе алмаған. Көбінің ата-анасы қарсы болған. Қазір балаларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайлары қалыпты. Бұл дертті жеңудің бірі жолы – вакцинация. Сондықтан екпе алудан қашпау керек.