Жетісу облысындағы орманшылар дронмен қамтамасыз етілді
Жетісу облысындағы «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Лепсі филиалындағы орманшылар енді аймақты дронмен әуеден бақылап отыратын болды. Соңғы үлгідегі бейнетехниканы филиал тұқымбақтан түскен қаржыға сатып алған. Абай облысындағы алапат өрттен кейін мұнда бақылау күшейтілген. Өртке қарсы қауіпсіздік жолақтары жыртылып, халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қауіп туындаған жағдайда демалушылар орманға жіберілмейді. Былайғы уақытта туристік маршруттар ашық. Саяхатшылардың жанында міндетті түрде орман инспекторы және жол сілтеушілер бірге жүреді.
Тауфиқ Бахтияров, «Жоңғар алатауы» МҰТП Лепсі филиалының директоры:
-Дронымыз бар, сонымен бақылап отырамыз. Енді басқа жерлерге де сондай дрондар алып берсе, ол кісілерге жеңілірек болар еді. Аң күзетуге, ағашты күзетуге, өртке де өте жақсы. Жалақы аздау, жастар институтын, университетін бітіріп, ауылға келгісі жоқ. Енді бізде техника ескілеу. Енді бір 70-80% дайынбыз деп айтуға болады.