Жетісу облысында электр энергиясы мен дәрі-дәрмек бағасы қымбаттап барады
Өңірде электр энергиясы мен дәрі-дәрмек бағасы қымбаттап барады. Сенат депутаттарымен кездесуде Талдықорған халқы осы мәселені көтерді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту шараларын жетілдіруді сұрады. Ал жергілікті белсенділер мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қарапайым азаматтардың атсалысуы керек екенін айтты. Ол үшін Парламент палаталары мен мәслихат арасында байланысты арттыру қажет.
Ал Шымкентке жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынып жатқан білім ордасының құрылысымен танысты. Биыл бұл өңірде 17 мың орынға шақталған 12 жайлы мектеп пайдалануға беріледі. Бетоны құйылып, қабырғасы тұрғызылған. Ішкі сырлау жұмыстары мен сыртқын әрлеу басталды. Қазір ұстаздардың біліктілігі арттырылып, қосымша үйірмелерге тәрбиешілер таңдалып жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысында екі баласы қайтыс болған отбасының неден уланғаны анықталды. Бір үйлі жан нитриттен уланған. Мұны полиция департаментінің мамандары хабарлады. Естеріңізде болса, бір ай бұрын Надежка ауылында бүтін бір отбасы кешкі астан кейін уланып, 3 және 6 жастағы балалар көз жұмған еді. Ал олардың анасы мен ағасы ауыр хәлде ауруханаға түсіп, емделіп шықты.