СҚО-да жылыту маусымына дайындық басталды
3 млрд теңге кімге бұйырады? Шетелге заңсыз шығарылып, елге қайтарылған қаражатқа енді Солтүстік Қазақстан облысында 2 мектеп салынатын болды. Облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың мәлімдеуінше, бастапқыда 3 мектеп салуға өтініш берілген. Бірақ оның екеуі ғана бекітіліпті. Дегенмен биыл 1 020 орындық үш мектеп қолданысқа беріледі деген жоспар бар. Жайлы мектеп жобасымен салынатын білім ошақтары бой көтереді. Осы жобалар іске асса, өңірде мектеп тапшылығы аздап болсын шешілмек. Астанаға есеп беруге келген әкім: «Алдағы жылыту маусымына қызу дайындалып жатырмыз»,- дейді. Жөндеуге бөлінген қаржы көлемін 12 млрд теңгеге жеткізбекші екен. Бұл ақшаға облыстағы 2 жылу электр орталығындағы 11 қазандық пен 7 турбина, электр желілері жөнделіп, жаңа түтін құбыры салынбақ.
Айдарбек Сапаров, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
- 2025 жылға дейін 7 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2700 орындық 4 мектеп. Бұл үш ауысымды мектептерді және облыс орталығындағы оқушы орындарының тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.