Шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны аяқталуға жақын
Осы аптада шетелдік көліктерді жеңілдікпен тіркеу аяқталады. Ал бірінші шілдеден кейін оның мерзімін ұзарту мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
Болжамдар бойынша Қазақстанда заңдастырылуы тиіс көлік саны 300 мыңнан асады. Бірақ арнайы жеңілдікті бүгінге дейін тек 177 мың көлік иесі пайдаланыпты. Әр техниканы тіркеу құны 200 мың теңге деп белгіленген. Өтініштерді қабылдау бірінші шілдеде тоқтайды. Ал құжаттарды беру одан кейінгі уақытта да жүргізіле береді. Сондықтан бұл мүмкіндікті пайдаланбаған азаматтар мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына асыққандары жөн. Айтпақшы қазір олар күшейтілген режимде жұмыс жасауда.
Алтынбек Жамалиев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы:
- Дүйсенбіден жұма күндері аралығында сағат 7:30 дейін кешкі. Сонымен қатар дайын құжаттарды беру уақыты 8:30 дейін ұзартылды. Сонымен қатар сенбі күні де сағат 9-дан кешкі сағат 6:00 дейін жұмыс істейді. Дайын құжаттарды беру 7:30 дейін ұзартылды.