Мұсылмандар Арафат тауына жиналды
Бүгін әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мұсылман Мекке маңындағы Арафат тауының бөктеріне жиналып, құлшылық етіп жатыр. Бұл – қажылықтың негізгі бөлігінің бірі. Биыл қажылық 1 шілдеге дейін жалғасады. Қазірдің өзінде Сауд Арабиясына төрткүл дүниеден 1,8 миллион адам барған. Жергілікті билік шамамен 2 млн 600 мың қажыны қабылдауға дайын. Биыл Сауд Арабиясы Қазақстанға қажылық үшін 4 мың квота бөлген. Ертең мұсылмандар үшін ұлық мереке Құрбан айт. Айт намазы Астана қаласында таңғы 6-да басталады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін ертең қоғамдық көлік таңғы 5-тен бастап қатынайды.