Елордадағы барлық мешіттерде айт намазы оқылды
Таңғы алтыда құлшылық жасау үшін Алланың үйіне асыққандардың қарасы көп болды.
Айт намазынан соң дәстүрлі түрде мешіт аулаларында спорттық сайыстар өткізілді. Содан соң ниеттенген азаматтар құрбандық шалды. Айт мерекесі 30 маусым кешкі ақшам намазына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында ғана түліктерді сойып, етін таратуға болады. Дін өкілдері мұсылмандарды мейрамды жақсылық жасап, садақа беріп, сауапты істерге толы өткізуге шақырады.