Қазақстан-Ресей депутаттары Парламентаралық парламенттік комиссия отырысын өткізді
Цифрлық құқық пен сауаттылықты арттыру, климат, волонтёрлік қызмет салаларындағы заң шығару. Бұл туралы Қазақстан мен Ресей парламентарийлері Мәжіліс пен Дума өкілдері қатысқан Палатааралық парламенттік комиссиясы отырысында сөз болды. Сондай-ақ энергетика, көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық, екі ел қалалары арасындағы өңіраралық қатынастарды дамыту жайы көтерілді. Нәтижесінде қоршаған ортаны, трансшекаралық өзендерді тиімді пайдаланудағы ынтымақтастық, екіжақты тауар айналымы көлемін ұлғайту мен өзара сауда кедергілерін жою мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірленіп, шешімдер шығарылатын болып келісілді.