1 шілдеден бастап не өзгереді?
Ертеңнен бастап елімізде бірқатар өзгерістер болады. Арнайы санаттағы азаматтардың жәрдемақысы 14,5% көтеріледі. Ол үшін республикалық бюджеттен қосымша 41 миллиард теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ орманшылардың да жалақысы көбейеді. Ал олардың материалдық техникалық базасы алдағы 4 жылда толықтай жаңарады. 1 шілдеден бастап электр энергиясы мен жылу 30% дейінгі шамада қымбаттауы мүмкін. Құзырлы ведомство өкілдері бұл күзгі-қысқы дайындықпен байланысты деп отыр. Сонымен қатар жаңа жұмыс режимі де осы сенбіден бастап енгізіледі. Яғни енді азаматтар жұмыс уақытын 4 күндік кестеге ауыстыра алады. Айта кетейік, бұл тек екі тараптың келісімі бойынша жүзеге асады.
Шалқар Оразбеков, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің басқарма басшысы:
-Теміржол вокзалы аэропорттар күнделікті тоқтаусыз жұмыс істейді. Құқыққорғау саласындағы әскерилер бар олардың жұмыстарының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер бізідң енгізіп жатқан режимге келмейді. Сондықтан міндеттей алмаймыз. Ал егер екі тарап келісімге келсе ол жерде ешқандай шектеу болмайды. Айлық норма сақталады. Мысалы бір апта аз істеп, бір апта көп істеуі мүмкін.