БҚО-да соңғы тәуліктерде дала және орман өрті жиілеп кетті
Кешелі бері өрт сөндірушілер 40 рет атқа қонған. Дала өртін сөндіруге өзге өңірлерден құтқарушылар шақыртылды. Ақтөбе қаласынан шыққан 5 техника мен 31 өрт сөндіруші түнделетіп жетіп, Сырым ауданы Тоғанас ауылындағы қызыл жалынды ауыздықтауға көмектесті. Өрт 7 мың гектарға жуық аумақты шарпыған. Ал Ақжайық ауданының Тасқала ауданымен шекарасында кеше кештен бері тілсіз жаумен күрес жүріп жатыр. 11 мың га жайылым жанып кеткен.
Рашид Біләлов, ТЖ департаменті бастығының орынбасары:
- Сырым ауданында да, Тасқала ауданында да елді мекендерге қауіп жоқ. Далалық алқаптар. Жақын елді мекендер орналаспаған ол жерде. Астана қаласынан ауадан өшіруге тікұшақ шақырылған болатын. Қазіргі таңда тікұшақ Ақтөбеден біздің облысқа ұшып келе жатыр. Ол біздің Ақжайық ауданымен Тасқала ауданы шекаралас, сол жерде жұмылдырамыз деп отырмыз.