Атырау облысында табиғатты ластаған компания анықталды
Газ химиясы кешенінен шыққан лас суды тазартып, кері пайдалануға жіберетін серіктестік өзіне тиесілі жасанды көлді құрғатуға асығар емес. Мұны көрген Мақат ауданының белсенділері мен табиғат жанашырлары дабыл қағуда. Облыстық экология департаменті төгілген судан сынама алып, зерттеуге жіберді. Сондай-ақ ластанған көлдің аумағын анықтап, мекемеге жасанды көлді шілде айының аяғына дейін тазартуға нұсқау берді. Депутаттар судан алынған сынама қортындысы шыққан соң, аталған аумаққа жауапты серіктестікке қатысты тексеріс жүргізуді сұрап, Бас прокуратураға хат жолдамақ.
Арман Хайруллин, облыстық мәслихат депутаты:
- Бұлардың құрамы нитраттарға, аммоний сульфаттарына, ауыр темірлерге және өзгелерге бай екені алғашқы сараптама мәлімдеген болатын. Біз тәуелсіз сараптамамызды жүргізу үшін, альтернативалық мәліметтер алу үшін арнаулы компанияны шақырып, жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.