Риддер ЖЭО жөндеуге 8,3 млрд теңге бөлінді
Риддер жылу электр орталығының жаңа басшылығы кәсіпорын алдындағы қарызын жабуға уәде беріп отыр. Бүгінде мекеменің берешегі 5,5 млрд теңгеге жеткен. Бұдан соң энергонысанды коммуналдық меншікке өткізу мәселесі шешілмек. Инвестор станция ұжымының жалақысы мен салық бойынша қарызын өтеген. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, жылу орталығын жөндеуге 200-ден аса маман тартылған. Жоспарланған жұмыстың 36%-і орындалды.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
- Жылу электр орталығы жекеменшікте болуына қарамастан, оның қызметін қалпына келтіруге мемлекет және жергілікті бюджеттен 8 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді. Жылу электр орталығын жөндеуге қаржы бөлу туралы Үкімет қаулысы мен әкімдіктің шешімі шықты. Жоспарға сәйкес, ақша бір аптаның көлемінде түсуі тиіс.