Хабар телеарнасы

Риддер жылу электр орталығына Үкімет резервінен 4,9 млрд теңге бөлінді

Риддер жылу электр орталығына Үкімет резервінен 4,9 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға кәсіпорындағы бу қазандықтары жөнделеді  және 19 шақырым жылу желісі тартылады. Қаладағы 55 аумақта құбырлар жаңартылады. Айта кету керек, соңғы 3 жылда Риддер жылу электр орталығында 80-нен астам ірілі-ұсақты апат болды. «Резервтен бөлінген қаржы кемшілікті толық жоймағанымен, жылыту маусымына тыңғылықты дайындалуға мүмкіндік береді»,- дейді мамандар. Дайындық жұмыстарына 20 млрд теңге инвестиция тартылған.

Нұрлан Рамазанов, Облыстық ТҮКШ және энергетика басқармасының басшысы:

- Бізде Үлкен Нарын, Күршім, Глубокое, Ұлан, Зайсан сияқты аудандардың барлық қазандықтарын қажетті есептеулерін жасап, қаржыландырылды. Облыстық бюджеттен қарастырып қойдық. Қазір барлық мердігер компаниялар анықталып жұмыстар басталды деп айтуға болады.