Хабар телеарнасы

Елордада «Aqmola Invest» инвестиция тарту орталығы ашылды

Астанада «Aqmola Invest» инвестиция тарту орталығы ашылды. Онда инвесторларға жоба идеясынан бастап, оны іске асыруға дейін қолдау көрсетіледі.Орталық алаңында 23 кездесу ұйымдастырылды, оның тең жартысы шетелдік инвесторлардың қатысуымен өтті. Нәтижесінде 2 шетелдік компаниямен келісімге қол жеткіздік. Мәселен, венгриялық инвестор Аршалы ауданында ауылшаруашылығы технологиялық паркін құруға ниет білдіріп отыр. Ал қытайлық кәсіпкер тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу зауытын ашуға ниетті. Осы инвестициялық жобаларды іске асыру - қосымша жұмыс орындарын ашуға және облыс бюджетін айтарлықтай толықтыруға мүмкіндік береді.