Хабар телеарнасы

Елордаға Оңтүстік Корея Республикасының Президенті мемлекеттік сапармен келді

Бүгін елордаға оңтүстік Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль мемлекеттік сапармен келді. Корей басшысын еліміздің Премьер-Министрі Олжас Бектенов күтіп алды. «Таңғы шық елі» басшысының Астанаға сапары 3 күнге жоспарланған. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль бірқатар келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланған. Бұл сапар Оңтүстік Кореяның энергетика, маңызды пайдалы қазбалар, инфрақұрылым және басқа салалардағы компаниялары үшін жаңа бизнес мүмкіндіктерін құруға, ынтымақтастықты әртараптандыруға ықпал етпек. Бүгінде Қазақстанда 700-ден астам корей компаниясымен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бұған еліміздің нарығында белсенді қызмет етіп жатқан KIA, Hyundai, Samsung, LG сынды компаниялар дәлел.