Атырау облысындағы 6 ауыл құм құрсауында қалды
«Толассыз көшкен шағын тұрғын үйлер мен қора жайларды басып жатыр. Бұған соңғы 5 жылдағы құрғақшылық пен Каспий теңізінің тартылуы сеп болды»,— дейді мамандар. Құм көшкінін тоқтату шараларына қазынадан 115 млн теңге бөлініп, 27 мың түп сексеуіл егілген екен. Алайда жұмыс шала істелінгендіктен, бюджет қаржысы желге ұшты. Жергілікті билік енді жаңа жобасын дайындап жатыр. Ал міндетіне салғырт қараған мердігер мекемеге соңғы мүмкіндік беріледі.
Нұргүл Қалиева, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:
-Олар өздерінің гарантинный хатты да берді бізге. Жасайтын боламыз деген. Кешегі уақытта тағы да хат жолдаған болатынбыз. Олар күз айында жасаймыз деп өздерінің міндеттеріне алып отыр. Егер орындамаған жағдайда сотқа жүгінеміз.
Аслан Ғұбаш, Исатай ауылының әкімі:
-Қазір жобалау сметалық құжатын дайындап жатырмыз. Ауылдың ішіндегі құмдарды далаға шығаруға машинамен, погрузчиктермен. Осы жұмыстармен айналысып жатырмыз. Игертпей жатыр.