Хабар телеарнасы

Түркістан облысында әкімдіктің екі лауазымды қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

Түркістан облысында әкімдіктің екі лауазымды қызметкері ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы кәсіпкерді 18 миллион теңге пара беруге итермелеген. Екіжақты келіссөз нәтижесінде коммерциялық нысан салуға жер телімін кедергісіз бөліп бермек болған. Сондай-ақ цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті «Бизнеске жол» жобасы аясында 280 миллион теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін 10 млн теңге сомасында пара алғаны үшін айыпталып отыр. Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.