Дәрігерлер бауырдың қатерлі ісігін емдеудің бірегей әдісін енгізді
Қазақстандық дәрігерлер балаларда кездесетін бауырдың қатерлі ісігін емдеудің бірегей әдісін енгізді. Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында алғаш рет химо-эмбо-лизация әдісімен операция жасалды. МұнДай тәсіл осыған дейін елімізде ересек адамдарға ғана қолданылып келген. Енді бауыр обырына шалдыққан балалардың өмірін сақтауға мүмкіндік туып отыр. Қарлығаш Қайыпбекова жалғастырады.
Химиотерапевтік препарат алдымен арнайы құралдар арқылы микросфераларға жүктеледі. Сөйтіп, химиотерапевтік препарат қан тамырлары жүйесі арқылы бауырдағы қатерлі ісікті тікелей жеткізіледі. Бұл ондағы ісікті жоюға мүмкіндік береді. Мұндай әдісті балағы қолдануды Орталық Азия елдерінде алғаш қазақстандық дәрігерлер қолға алып отыр. Операцияны білікті дәрігерлер Нияз Малаев, Азиз Оңласынов, Бегайдар Елібаев жасады.
Бегайдар Елібаев, балалар онкохирургі:
-Бұл емнің артықшылығы баланың өміріне қауіп төндірмейді. Баланың өмірін ұзартуға жағдай жасайды және баланың ауруханада жатуы екі үш күнді құрайды. Бұл емдеуді қолдану кезінде сан артериясы арқылы кіреміз. Кататердің көмегімен бауырға орналасқа ісікке тікелей химия преп енгіземіз. Соның әсерінен химиялық препарат жергілікті әсер етеді. Жалпы баланың ағзасын уландырмайды.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл әдіс хирургиялық операция жасауға келмейтін бауыр обырына шалдыққандарға қолданылады. Осы арқылы бауыр ісігінің көлемін тұрақтандыруға немесе азайтуға болады. Алғашқы ота бір жарым жастағы балаға жасалды. Диагнозы гепатобластома.
Азиз Оңласынов, балалар онкохирургі:
-2005 жылдан бастап шетелде жасап жатыр. Бізде де жасалып жатқан нәрсе. Бірақ ересек кісілерге. Ал балаларда бірінші болайын деп отыр. Енді шетелге барудың қажет жоқ болады құдай қаласа.
Жыл сайын елімізде өкінішке қарай дәрігерлер қатерлі ісікке шалдыққан 600-ге жуық баланы анықтайды. Оның арасында гепатобластома диагнозы да кездеседі. Соңғы он жылда педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында дәл осы ауру бойынша 70-ке жуық бала ем қабылдаған.
Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Сұлтан Бейсекенов