Алматыда автобус апаты: жүргізуші 2,5 жылға сотталды
Алматыда жол апатына кінәлі деп танылған автобус жүргізушісі 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 36 жастағы сотталушыға қатысты осындай үкім шықты. Сот оның кішкентай 3 баласы барын және кінәсін жеңілдететін басқа да жағдайды ескеріп, осындай шешім қабылдаған. Сонымен қатар оған 5 жылға дейін көлік жүргізуге тиым салынды. Бұдан бөлек, зардап шеккендердің пайдасына материалдық шығын өндіріледі. Еске салайық, жол апаты былтыр 8 қарашада болған. №98 автобустың жүргізушісі Абылай хан мен Төле би көшелерінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, №201 автобуспен соқтығысқан. Салдарынан бірнеше жолаушы жарақат алып, бір адам көз жұмды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қайрат Иманқұлов, Алмалы аудандық сотының судьясы:
-Қылмыстық кодекстің 46-бабының 5-бөлігіне сай жазасын қылмыстық атқару жүйесінің барынша төмен мекемелерінде өте белгіленсін. Бұл қылмыстық істе өткізілген сот фото техникалық сараптамадан басқа, сол оқиға болған жерден алынған бейнекамераларға түсірілген көптеген басылымдар бар. Сот сол басылымдарға мән беріп қарады.