Қарағандыдағы балалардың улануына инфекциялық аурулардың қатысы жоқ
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Айтуынша олар тамақтан емес, токсикалық заттан уланған болуы мүмкін. Қазір сот-медициналық сараптама жүріп жатыр. Балалардың жағдайы министрліктің ерекше бақылауында. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов балаларды барлық қажет дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ барлық интернаттық, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қауіпсіздігін бақылауды және осы іске қатысты тергеу амалдарының мұқият жүргізілуін талап етті.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- 14 баланың жетеуі орталыққа қайтарылды. Сауықтырылып, денсаулықтары жақсы. 6 бала реанимацияда жатыр. 4 баланың жағдайы оң динамикамен ауыр жағдайда қалып отыр. 2 баланың жағдайы өте ауыр күйде.