Зульфия Сүлейменова су тапшылығына қатысты пікір білдірді
Өткен апта Жамбыл облысындағы қуаңшылық 4 мың га пияз бен қант қызылшасына қауіп төндіріп тұрғанын айтқан едік. Осыған байланысты Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова сұхбат берді. Айтуынша қазір жағдай өте күрделі. Қырғыз Республикасымен бірлесіп, су беру кестесі жасалған. Бірақ тамыздың 10 бастап су берілмей келеді. Өйткені қоймадағы ресурстар таусылған. Министр суды ішкі бөлуде де мәселе бар екенін айтады. Қазіргі таңда прокуратура су ұрлау фактілері бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Мұздықтардан қажетті су келмеген. Облыста вегетациялық кезең де аяқталған. Министр: «Бұл тапшылық судың аз келуіне ғана байланысты емес»,- дейді. Өйткені кейбір өңірлердегі шаруалар жоспардан артық егін еккен. Ал бұл қосымша суды талап етеді.
Зүлфия Сүлейменова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
- Мәселен, Мақтаралдағы шаруалар жоспар бойынша 275 га емес, 3000 га артығымен күріш еккен. 1 га 30 мың куб су қажет. Ал енді артық егілген жерге қанша су керек екенін өзіңіз ойлаңыз. Қазір біз болжамдарды дұрыс алу үшін жаңа гидрологиялық бекеттерді ашуды көздеп отырмыз. Біз барлық әкімдіктерге су нормадан аз келеді деп ескерткенбіз.