«Теңізшевройл» компаниясына 2,8 млрд теңге айыппұл салынды
Атырауда табиғатты ластағаны үшін «Теңізшевройл» компаниясына 2 млрд 800 млн теңге айыппұл салынды. Табиғат қорғау прокурорлары аталмыш компанияның қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды рұқсатсыз шығарғанын анықтады. Мұнай өндіріліп жатқан аумақта күкіртсутегі, азот диоксиді, көміртегі оксидтерінің атмосфераға шектен тыс тасталғанын экологтар да дәлелдеді. Алайда «Теңізшевройл» өкілдері бұл деректермен келіспей отыр. Жалпы биыл 6 айда өңірдегі кәсіпорындарға тексеріс нәтижесінде 7 млрд теңгенің үстінде айыппұл салынған.
Абзал Теміров, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:
- Жалпы алғанда 425 тонна асу фактілері орын алған. 5 тоннадай экологиялық рұқсат алынбай, шығарындылар жүзеге асырғаны белгілі болған. Сонымен қатар резервуар паркі ТШО обьектісінде, сонда резервуар паркінде жердің ластануы фактісі орын алған мұнайдың.