Елде күріш қоры жеткілікті
Әлемде күріш өндірісі құлдырап, соңғы 20 жылда болмаған үлкен тапшылық байқалуда. Бұл Fitch Ratings, белгілі америкалық рейтинг корпорацияның мәлімдесі. Нақтырақ айтсақ, тапшылық 8 млн 700 мың тоннаны құрайды. Сарапшылардың айтуынша, бұл күріш бағасына әсер етуі мүмкін. Ал еліміздегі дәнді дақылдың қоры қандай? Жеткілікті бола ма? Баға тұрақтылығын қамту мүмкін бе?
Жаһандық климат әсерінен су тапшылығы Орталық Азия ғана емес, елімізде де байқалды. Мәселен, Қызылорда облысы Шіркейлі ауылындағы шаруалар бұрынғыдай көл-көсір өнім егуден қалғанын айтып отыр.
Еркін Бекжанов, шаруа:
- 5 жылдан бері екі елді мекен аяқ су мәселесі бойынша огород еге алмайды. Жаңаталап пен Темірбек Жүргенов ауылы кезекте тұр. Аяқ судан, егін судан қалу мәселесі бойынша. Келісім жасап, 2023 жылға 35 гектар жерге су өлшегіш құралын орналастырған болатынбыз. Оның себебі – Шіркейлі каналының сол жақ тармағынан су алатын ауылдар бар. Ол сағадан өтіп жатқан судың көлемі 36 текше метр секундына келіп жатқан.
Шаруалардың айтуынша, 2013 жылдан бастап біршама ойыс жер инженерлік ретке келтіріліп, тегістелген. Ал үлгермегендердің егіс алқабы суды көп қажет етіп жатыр.
Арсен Жаханбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су саясаты департаментінің директоры:
- Биылғы жағдайда мысалы, алдын алып, әкімдікпен бірігіп, шаруа қожалықтарымен бірігіп, насос қондырғыларын орнатқан болатын. Мекеменің қатысуымен 40 насос қондырғыларын орнатқан. Жеке шаруашылықтар әртүрлі деңгейдегі насос орнатқан. Негізгі бар лимит Қызылорда облысына 4,2 млрд су. Бізден баратын су 3,8 млрд. Біз солай бөліп бердік.
Диана Қадыр, тілші:
- Шиелі мен Жаңақорғанда 3 мыңдай күріш алқабы бар. Оларды құрғақшылықтан сақтап қалу үшін 150 метр куб секундына су жіберілуі қажет. Мамандардың айтуынша, Шардара аумағындағы су қоймасында су деңгейі төмен болғандықтан, ағысы баяулап тұр. Сондықтан күріш алқабының қурап кету қаупі басым.
Дегенмен биыл күріш егісінің көлемі едәуір артқан. Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, тапшылық болмайды.
Дамир Егізбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі:
- Былтыр 87 мың алқапқа күріш егілсе, биыл 100 мың гектардан артып отыр. Оның 80-90% Қызылорда өңірінде. Бұл өңірде енді күрішті жинау науқаны басталып та кетті. Қазіргі уақытта, жаңа түсім түскенге дейін елімізді толығымен қамтамасыз ете алатындай күріш қоры бар. Қазіргі уақытта оның көлемі - 15-20 мың тонна. Былтыр елімізде 224 мың тоннаның көлемінде күріш өндірілген, оның шамамен тең жартысы 110 тонна сыртқа шығарылған.
Иә, біз күрішімізді Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Ирак, Түркия, АҚШ, Израильге экспорттаймыз. Ішкі нарықты 100% қамтамасыз етіп отырғандықтан өңірлерде баға тұрақты. Ұлттық статистика бюросының тамыздағы дерегі бойынша ең жоғарғы баға Атырау мен Жезқазғанда. Құны – 515 теңге. Ал Ақтөбеде – 501. Көкшетау мен Алматыда – 490 теңге шамасында. Ал төмен баға Қызылорда мен Таразда. Елордадағы күріш құны – 424 теңге.
Атырау – 515 ₸, Жезқазған – 515₸, Ақтөбе – 501₸, Көкшетау – 495₸, Алматы – 489₸, Өскемен – 460₸, Семей – 417 ₸, Тараз – 377 ₸, Қызылорда – 381₸, Астана – 424₸.
Арсен Жаханбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су саясаты департаментінің директоры:
- Жерді құнарландырып, минеративті жағдайын жақсартып, күріш алқабының поляларын тегістеп, біркелкі болса, қазіргі алып жатқан суымыз былайда-былай жетуі мүмкін. Осы суға күріш өнімін, мүмкін көп алуымыз да мүмкін.
Суды үнемдеу шараларын бүкіл әлем елдері қолға алды. Мәселен, Вьетнамдағы ғалымдар күріш өсіру бойынша тиімді техника ұсынуда. Биологиялық ыдырайтын жұқа қаптағышпен күрішті жабу арқылы суға байланысты біраз мәселені шешпек. Бұл әзірге тек жоба ғана.
Авторлары: Диана Қадыр, Таир Мерекенов