Хабар телеарнасы

Қызылорда облысында 2 аудан әкімі сайланады

Жергілікті мәслихат депутаттары Шиелі және Сырдария аудандарында пилоттық сайлау өткізу жөнінде шешім шығарған. Онда 75 мыңдай халық тұрады. Қала, кент және ауылдық округ әкімдерін таңдау құқын жергілікті жұртқа беру — Мемлекет басшысының басты реформаларының бірі. Кандидаттарды тіркеу 16 қыркүйектен басталады. Үміткерлер өзін-өзі ұсына алады немесе саяси партия атынан сайлауға түсуге құқылы. 

Әділбек Ерсұлтанов, облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы:
-Сайлауды өткізу және ұйымдастыру 5 қараша күні өткізіледі. Аудан әкімдеріне дейін кент және селолық ауыл әкімдерін сайлау ұйымдастырылды. Оның нәтижесін қазір халық көруде. Биылғы жылдың өзінде облыста 21 ауыл әкімі сайланды. Енді жылдың аяғына дейін 33 ауыл және кент әкімдері сайланады деп күтілуде.