Петропавлда басқарма басшысы 8 жылға сотталды
Сонымен қатар қылмыстық жолмен тапқан мүлкі: квадрацикл, екі көлікті айырбастау арқылы иемденген 12 млн 996 мың 500 теңге және қонақ үйде демалғаны үшін төленген 155 мың 250 теңгені өндіріп алу үкімі шығарылды.
Тергеу барысында Бахыт Ілиясовтың пара алды және бюджет қаржысын талан-таражға салды деген кінәсі толық дәлелденді. Ол қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінде жұмыс істеп жүрген кезінде осындай қылмыстарға барған. Сот шешімімен шенеунікке пара берген екі кәсіпкер 7,5 жылға, ал әкімдік қарамағындағы коммуналдық кәсіпорын директоры 7 жылға қамалды. Әзірге үкім өз күшіне енген жоқ. Күдіктілер әлі аппеляциялық сотқа шағымдана алады.