Хабар телеарнасы

Петропавлдағы ЖЭО-ны жаңғыртуға 19 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды

Петропавлдағы жылу электр орталығын жаңғыртуға 19 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Бүгін Парламент Сенатының депутаттары атқарылған жұмыстардың нәтижесімен танысты. Олар энергетика мамандарымен кездесіп, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Халық қалаулылары қаладағы өндірістік нысандарды да аралап, кәсіпкерлермен кездесті. 

Әлібек Нәутиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:  

-Біздің комитет келесі жылға мынау Парламенттік тыңдауға жалпы Қазақстандағы мынау жолдың сапасы жөнінде жолдың мәселесі жөнінде үлкен мәселе қозғағалы жатыр. Біз енді осындай облыстарға шыққанда мана айтып отырғандай жылу науқанымен бірге осы жолдың қалай, қандай бағыттарда салынып жатыр? Жолдардың сапасы, оны жасап жатқан жұмыстың деңгей бағытында жұмыстарды қарағымыз келіп отыр.