Азия ойындарынан қуанышты жаңалық! Қадырбек Шынбаев XX-шы жазғы Азия ойындарында ММА-дан алтын алды. Осылайша жекпе-жектен, елге екінші алтын жетіп отыр. 22 жастағы спортшы 71 келіге дейінгі салмақ арасында modern дисциплинасында топ жарды. Айта кетейік, ММА биыл Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілген. Қадырбек Шынбаев бір жылда құрлықтық деңгейдегі екі ірі додада жеңіске жетіп, Азия чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанды.