Отандық күнбағыс өндірушілері табыстан қағылуы мүмкін
Жалпы өнімнің көлемі 915 мың тоннаны құраса, БАЖ салығын есепке алғанда фермерлердің жоғалтатын кірісі 46 млрд теңгеге жуықтайды. Бұл дегеніміз «Ауыл шаруашылығы несие корпорациясының» егін егу науқанын қаржыландыруға берген соманың тек 30% ғана тең. Оған қоса өндіріс орындары Ресейден келетін арзан өнімді алғандықтан, күнбағыс бағасы күрт төмендеген. Егер бұлай жалғаса берсе, күнбағыс өндірушілер басқа дәнді-дақыл егуге мәжбүр болатынын айтады.
Талғар Тоқеев, кәсіпорын жетекшісі:
- Жылдан жылға күнбағыс еккен пайдасыз болып бара жатыр. Былтыр мысалы, 7 мың ексек, биыл 4 мыңға түсірдік. 3 мыңға қысқартып тастадық. Биыл баға болмайтын болса, келесі жылы егудің несі жоқ. Кезінде майлы дақылдарды егу үшін мемлекет қаншама көмек беретін. Қазір ондай субсидиялар жоқ. Тек күнбағыстың тұқымына ғана бар.