Шымкентте басқарма басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері хабарлады. Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы қарамағындағы қызметкерден еңбек шартын ұзартуға 1 миллион теңге көлемінде қаржы талап етіп, қамқорлық танытпақ болған. Әзірге тергеу мүддесіне сай өзге мәлімет жарияланбады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Олжас Тобашов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бөлім басшысы:
- Департамент Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасының басшысының заңсыз әрекетінің жолын кесті. Ол өзінің қарамағындағы қызметкерінің еңбек шартын ұзартқаны үшін және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.